12 мамыр 2017 | 18:04

Павлодарлық шенеуніктер қарияға құрмет білдірмегені үшін кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews © Tengrinews

Павлодар қаласының билігі Қазақстан ардагеріне құрмет көрсетілмей қалғандығын техникалық себептермен байланыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар қаласының билігі Қазақстан ардагеріне құрмет көрсетілмей қалғандығын техникалық себептермен байланыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бүгін өкпесі бар ардагер Бухаредин Серімовтың үйіне бір топ шенеунік барды. Олар соғыс ардагеріне бір шоқ гүл беріп, Жеңіс күні құттықтаусыз қалдырғаны үшін кешірім сұрады. 

"Ата ренжімеңіз, бізді кешіріңіз. Қала әкімі атынан кешірім өтінеміз. Ол қазір ауруханада. Өзі келе алмады. Өтінеміз, бізді кешіріңіз, біз сізді ұмытпаймыз", - деді Павлодар әкімінің орынбасары Берік Ақылбеков. 

Қария келгендерге өз алғысын білдіріп, бата берді. Дегенмен шенеуніктер қарияны неліктен елемей кеткенін түсіндіре алмады. 

"Неге бұлай болғанын айта алмаймын. Уақыт тығыз болды, ардагерлерге пәтер берілді. Мереке жалғасып, шаралар өтіп жатыр, бірақ, техникалық жағдайларға байланысты кемшіліктер болды. Бүгін ардагерлерімізге құрмет білдіруді жалғасытырып жатырмыз. Кешіктік әрине, дегенмен құттықтадық, батасын алып қайттық", - деді Ақылбеков. 


© Tengrinews

Еске салайық, ардагердің немересі Жанат Серімов Instagram желісіндегі парақшасы арқылы Павлодар билігі 109 жастағы ардагерді құттықтамағаны туралы хабарлаған. Кейін ардагердің қызы Сара Серімова да осыны айтты. Ал Павлодар әкімшілігінің өкілдері Бухаредин Серімовты естен шығармағанын айтады. Дегенмен әкімдік өкілдері 102 ардагердің барлығын қамтып үлгермей жатқанын атап өтті. Олардың айтуынша, Бухариден Серімовтің үйіне барған кезде ол үйінде болмай қалған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети