02 шілде 2020 | 09:14

Павлодарлықтар шектеуге қарамастан "қыз ұзатқан"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет © Tengrinews.kz Көрнекі сурет © Tengrinews.kz

Павлодардағы мейрамханалардың бірінде қыз ұзату болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодардағы мейрамханалардың бірінде қыз ұзату болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Сұңғат Есімхановтың айтуынша, 30 маусымда мониторинг тобы полиция департаментінің өкілдерімен бірлесіп тексеріс жүргізіп, тойдың болып жатқанын анықтаған. 

"30 маусымда шектеуге қарамастан Павлодардағы мейрамханалардың бірінде 45 адамға арналған "қыз ұзату" болды. Мейрамхана әкімдігіне әкімшілік хаттама толтырылды, ол сот тәртібімен қарастырылады", - дейді мониторинг тобының өкілдері.  

Мейрамхана иелері 100 АЕК немесе 277 мың теңге айыппұл төлеуі мүмкін. 

Анықталған тәртіп бұзушылықтан кейін жергілікті билік тағы да павлодарлықтарға инфекция жұқтыру қаупі туралы ескертіп, сақтық шараларын сақтауды сұрады.

"Карантинді алғаш рет енгізген кезде, біздің барлығымызда скептикалық көңіл-күй болды, жеке менің достарым да, бұған күмәнмен қараған туыстарым да болды. Бірақ өкінішке қарай, қазір вирус әсер етпеген адам қалған жоқ деп ойлаймын. Немесе туыстары, достары немесе таныстары жедел жәрдемнен көмек сұрайды. Жағдайға жауапкершілікпен қарауды өтінеміз. Кешегі қыз ұзату таңғаларлық!"- деді Есімханов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети