12 қараша 2021 | 10:17

Павлодарлықтар тренингке барамыз деп, алданып қалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Тұрар Қазанғапов© Фото Тұрар Қазанғапов©

Павлодар облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігі Antares Limited инвестициялық компаниясына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігі Antares Limited инвестициялық компаниясына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржы мониторингі агенттігінің ақпараты бойынша, компания қызметкерлері инвестиция бойынша тренингтер өткізу арқылы азаматтардың ақшасын алған. Агенттік тренингке қатысушылар компания қызметкерінің банк шотына ақша аударғанын мәлімдеді. Содан кейін олар виртуалды ақша есептелген электронды парақшаға қол жеткізген.

"Бұл қаражатқа күніне салым сомасының 1 пайызы уәде етілген инвестициялық пакет сатып алынған. Ақша айналымы тек жаңа салымшыларға пакеттер сату немесе қосымша инвестициялық пакеттер сатып алу арқылы жүзеге асқан. Сонымен қатар, жаңа салымшыны тарту үшін салым сомасының 1-ден 5 пайызға дейінгі мөлшерінде сыйақы қарастырылған, олар да виртуалды ақшамен төленген", - делінген баспасөз хабарламасында.

"Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қаржы мониторингі агенттігі осындай күмәнді жобаларға қатысудан бас тартуға шақырады. Егер өзіңіз немесе жақындарыңыз қаржы пирамидасының құрбаны болса, сенім телефонына хабарласуыңызды сұраймыз+7 7172 708 478", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети