Педагогтарды мемлекеттік ЖОО-лар ғана дайындауы керек - ҚазҰПУ ректоры

ПОДЕЛИТЬСЯ

Педагогтарды мемлекеттік ЖОО-лар ғана дайындауы керек - ҚазҰПУ ректоры Қазақстандық студенттер. ©Ярослав Радловский

Қазақстандық мұғалімдерді тек қана мемлекеттік ЖОО-лар дайындауы керек. Мұндай пікірді Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Серік Пірәлиев Астанадағы педагогикалық білім беру бойынша республикалық кеңесте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық мұғалімдерді тек қана мемлекеттік ЖОО-лар дайындауы керек. Мұндай пікірді Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Серік Пірәлиев Астанадағы педагогикалық білім беру бойынша республикалық кеңесте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазіргі таңда білім беру жүйесінде шашыраңқылық байқалады, стандарттардың сабақтастығы жоқ. Сондықтан Білім және ғылым министрлігінің жанында барлық білім беру деңгейінің білім беру стандарттарын бірыңғай амалмен әзірлеу үшін қызмет органын құру ұсынылады. Педагогикалық кадрлардың дайындығы үздік үлгілерге дейін модернизацияланған мемлекеттік ЖОО-лардың базасында ғана жасалуы керек. Сонымен бірге нормативтік тәртіптің жылдық жүктеме мөлшерін 500 сағатқа дейін қысқартуға ерекше назар аудару керек", - деді ол педагогикалық кадрлардың модернизациясы жайлы баяндамасын жасау кезінде.  

Сондай-ақ ол Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке педагогикалық ЖОО-лардағы оқуды тегін қылуға ұсыныс жасады. "Ақылы оқудың күшін жою керек. Қабылдау емтихандарына дейін педагогикалық ЖОО-ға түсуді қалайтындар олардың педагогикалық қабілетін анықтауға бағытталған шығармашылық емтихан тапсыруы керек. Ал мектепті үздікпен аяқтаған түлектер ҰБТ тапсырмай, шығармашылық емтихандар негізінде қабылдануы тиіс. Бұл халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарынан үздік абитуриенттерді тартуға мүмкіндік береді", - деді Пірәлиев.

Мұнымен қатар, оның айтуынша, мектеп оқытушыларын жұмысқа қабылдау механизмін өзгертуге уақыт келді: Педагогтардың жұмысқа орналасуы орталықтандырылуы қажет, яғни ҚР Білім және ғылым министрі арқылы жүзеге асуы керек. Ректор алқа мәжілісінен кейін бұл ұсыныстар қосылған жоғары педагогикалық білім беру концепциясының жобасы жасалғанын айтты.  

Өз кезегінде Сәрінжіпов Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына жауап беріп жатып кеңес бірінші рет өтіп отырғанын және айтылған ұсыныстардың барлығы қарастырылатынын айтты. "Бұл ұсыныс. Келесі отырысқа дейін біз оны қарастырамыз. Әрине, білім берудің ақылы болғандығынан студенттердің қандай да бір категориясын шектейтіні туралы мәселе бар, бірақ бұған зер салып қарау керек. Бұл қосымша зерттеулерді талап етеді", - деді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети