Перизат Қайрат пен оның анасының ісіне қатысты жаңа мәлімет белгілі болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Перизат Қайрат. Фото: instagram.com/01pk Перизат Қайрат. Фото: instagram.com/01pk

Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайратқа қатысты істің егжей-тегжейін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайратқа қатысты істің егжей-тегжейін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Агенттік мәліметінше, 14 наурызда Перизат Қайрат пен Ғ.Алашбаеваның әрекеттері сарапталып, олар алаяқтықтың аса ірі көлемде жасалуына және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыруға күдікті деп танылған.

"Перизат Қайрат 2021-2024 жылдар аралығында көп рет қайырымдылық көмек көрсету мақсатында халықтан ақша жинауға шақырған. Оның айтуынша, бұл қаражаттар мұқтаж балаларға, Палестина және су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жұмсалмақ болған. Жалпы ұрланған қаржы көлемі 3,5 млрд теңге", - деп жазылған хабарлмада.

Мәліметке сүйенсек, Перизат Қайрат Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қорына түскен қаражатты өз жеке және анасы Ғ.Алашбаеваның есепшоттарына аударып, кейін оларды зергерлік бұйымдарға, киім-кешекке, жиһазға, саяхаттарға, жөндеу қызметтеріне, автокөлік жалдау және басқа да шығындарға жұмсаған.

"2024 жылы 1 сәуір мен 15 қараша аралығында П.Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 ҚҚ-ның есепшотына 2,8 млрд теңге жиналып жымқырылғаны анықталды. Қылмыстық табысты жымқыру мақсатында ол 16 серіктес жеке кәсіпкерлермен металдан жасалған киіз үйлер, қайықтар, етіктер және басқа да заттарды жеткізу жөнінде жалған келісімдер жасасқан. Алайда бұл келісімдер іс жүзінде орындалмаған", - деп жазылған хабарламада.

ҚМА мәліметінше, осылайша миллиард теңгеден аса қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, жеке мақсаттарына жұмсалған.

"Осы соманың 72 млн теңгесі оның анасы Г.Алашбаеваның есепшотына "Солтүстік Қазақстан облысындағы зардап шеккен тұрғындарға тұрмыстық техника сатып алу" деген сылтаумен аударылып, кейін ол П.Қайрат арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылды. Ақшаның бір бөлігіне сомасы 6,9 млн теңге құраған "Rolex" сағатын сатып алуға жұмсалған. Палестинаға көмек көрсету үшін жиналған қаражаттың бір бөлігі 2024 жылдың қаңтарында П.Қайрат "Rebel flowers" ЖШС-ін сатып алуға жұмсалған. Оның құны 23 млн теңге болса да, ол келісім-шартта күдік туғызбау үшін 2 млн теңгеге төмендетілген соманы көрсеткен", - деп жазылған хабарламада.

Гүл бизнесінен түскен табысы 69 млн теңге болған. Сонымен қатар, ұрланған қаражатқа 4 автокөлік, 4 пәтер, 2 автотұрақ орнын, үй, жер телімін және ғимарат сатып алынған. Сондай-ақ, жалпы құны 158 млн теңге болатын зергерлік бұйымдар, аяқ киім және сөмкелер тәркіленді. Жалпы құны 865 млн теңгені құрайтын қылмыстық жолмен алынған мүлікке тыйым салынды.

Ғ.Алашбаеваға қатысты үй қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданған.

Перизат Қайрат туралы не белгілі?

Перизат Қайрат - Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының төрайымы, Қазақстандағы белсенді еріктілер қозғалысының жетекшісі ретінде танымал. Ол су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету, Газа секторындағы гуманитарлық миссиялар және басқа да қайырымдылық шараларымен айналысып, қоғамда беделге ие болды.

2024 жылы 14 қарашада Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат 1,5 миллиардты жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады.

Сонымен қатар ол 2023 жылғы қарашада Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинап, оның 200 миллионын қалтасына басқан деген күдікке ілінді. ҚМА дерегінше, 2023 жылғы желтоқсанда осы ақша есебінен Перизат Қайрат Sensata Plaza элиталық кешенінен 49 миллион теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 миллион теңгеге Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic жаңа көлігін сатып алған.

2024 жылы 16 қарашада Астана қаласының тергеу соты Перизат Қайрат 2 айға қамауға алынғанын хабарлады.

2024 жылы 13 желтоқсанда Перизат Қайраттың элиталық пәтерлері, қымбат көліктері бұғатталды. Сондай-ақ Перизат Қайраттың тұрғылықты жерін тінту барысында қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алынған қымбат техника, Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada және т. б. сияқты танымал әлемдік брендтердің киімдері, аяқкиімі, зергерлік бұйымдары, сөмкелері тәркіленді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro