Перизат Қайрат ісі: НЗМ оқушыларының ата-аналары жәбірленуші ретінде танылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Перизат Қайрат ісі: НЗМ оқушыларының ата-аналары жәбірленуші ретінде танылды Фото: nis.edu.kz

Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің (НЗМ) ата-аналар комитетінің мүшелері Перизат Қайрат ісі бойынша жәбірленуші деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің (НЗМ) ата-аналар комитетінің мүшелері Перизат Қайрат ісі бойынша жәбірленуші деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін сотта көктемгі су тасқыны кезінде көрсетілген қайырымдылық көмеке байланысты эпизод бойынша куәгерлер мен жәбірленушілерден жауап алу жалғасып жатыр.

Астанадағы НЗМ ата-аналар комитетінің өкілі Сәуле Қуандықова сотта 2024 жылдың сәуірінде мектеп оқушыларының ата-аналары 901 855 теңге жинап, оны қорға аударғанын мәлімдеді.

"2024 жылы мен физика-математика бағытындағы НЗМ ата-аналар комитетінің төрайымы болдым. Біз BizBirgemiz Qazaqstan 2030 қорының жарнамалық науқанына сеніп, тасқыннан зардап шеккендерге ақша жинауды бастадық. НЗМ ата-аналары маған сенім артты, ал ақшаның мақсатына сай жұмсалмағанын ескере отырып, мен бұл қаржы үшін толық жауапкершілік арқалағандықтан, оны өтеу керек деп санаймын. Бұл қор Instagram арқылы жиі жарнамаланды. Біз қарап, оның басқа да қайырымдылық істермен айналысқанын білдік", – деді ол.

Қуандықованың айтуынша, ата-аналар көмектесуге белсенді түрде үн қосқан, өйткені қайырымдылыққа қатысуды тәрбиенің бір бөлігі ретінде қарастырған.

"Екі айдың ішінде біз (аталған соманы – еск.) жинадық, алғашқы көмек көрсетушілер қатарында болу үшін асықтық", – деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети