Перизат Қайрат сотта өз кінәсін мойындамады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Перизат Қайрат сотта өз кінәсін мойындамады Фото Tengrinews.kz/Санжар Мустафин

Ақша жымқырды және алаяқтық жасады деп айыпталған қоғам белсендісі Перизат Қайрат сотта өз кінәсін мойындамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақша жымқырды және алаяқтық жасады деп айыпталған қоғам белсендісі Перизат Қайрат сотта өз кінәсін мойындамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокурорлар Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты айыптау актісін оқып шыққаннан кейін, судья Сабыржан Кәрімов айыпталушылардан айыптаумен келісетін-келіспейтінін сұрады.

"Мен айыптау актісімен келіспеймін (...) Дәлелдер негізсіз. Тергеудің фантазиясы үшін жауапкершілікті алмаймын. Мен айыпты мойындамаймын. Кейінірек барлық дерекпен өзімді қорғаймын", – деп жауап берді Перизат Қайрат.

Анасы да айыптаумен келіспейтінін айтты.

Еске салайық, прокурор Мәдина Оразалина Перизат Қайрат әзірлеген қылмыстық жоспар халық арасында танымал болған "Біз біргеміз" ұранын қолдана отырып, қоғамдық бірлестік құрудан басталғанын мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети