Перизат Қайратқа қандай жаза сұралды?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Перизат Қайратқа қандай жаза сұралды? Фото Tengrinews.kz/Санжар Мустафин

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты іс бойынша өткен сот отырысында прокурор Арман Казекен мемлекеттік айыптаушы ретінде айыпталушыларға қандай жаза сұралатынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты іс бойынша өткен сот отырысында прокурор Арман Казекен мемлекеттік айыптаушы ретінде айыпталушыларға қандай жаза сұралатынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тараптардың жарыссөзі барысында прокурор Перизат Қайратты 10 жылға бас бостандығынан айыруды, сондай-ақ мүлкін тәркілеуді сұрады. Ал анасы Ғайни Алашбаеваға орташа қауіпсіздік мекемесінде 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Еске салайық, кеше Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы жабық режимде өтті. Себебі іс құпия деректерді, соның ішінде банк құпиясын қамтитын құжаттарды қарастырумен байланысты болды.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, күннің бірінші жартысында заттай дәлелдер қаралып, тараптар бірқатар өтініш білдірген. Сонымен қатар айыпталушы Перизат Қайраттан жауап алынған. Ал анасы Ғайни Алашбаева өз құқығын пайдаланып, жауап беруден бас тартты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети