Перизат Қайратқа қатысты тергеу қашан аяқталады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Перизат Қайратқа қатысты тергеу қашан аяқталады? Перизат Кайрат. Фото: instagram.com/01pk

Перизат Қайрат ісі бойынша тергеу аяқталуға жақын. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Перизат Қайрат ісі бойынша тергеу аяқталуға жақын. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қылмыстық іс 100-ден астам том болған.

"Иә, Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс қазір тергеліп жатыр. Біз аяқтау сатысына таяп тұрмыз. Жақын арада, наурыздың басында тергеу аяқталғанын жариялап, іспен танысу кезеңіне көшеміз. Іспен танысу қанша уақытқа созылатынын нақты айта алмаймын, себебі бұл қылмыстық процеске қатысушыларға байланысты. Онда 100-ден аса том материал бар, заттай дәлелдерді қоспағанда. Сондықтан барлығы қоғамдық процеске байланысты болады", – деді Елемесов Мәжіліс дәлізінде.

Оның айтуынша, Перизат Қайрат әлі де қамауда. Алайда оның қамау мерзімі соңғы рет қашан ұзартылғанын нақтыламады.

Еске салайық, 2024 жылдың қарашасында ҚМА ерікті және қоғамдық қайырымдылық қорының негізін қалаушы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын. Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек ретінде жиналған 1,5 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети