Перизат Қайраттың анасы да қылмыстық істің фигуранты болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Перизат Қайраттың анасы да қылмыстық істің фигуранты болды Перизат Кайрат. Фото: instagram.com/01pk

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс тіркелгенін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс тіркелгенін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

20 желтоқсанда әлеуметтік желілерде Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алғашбаева ақша жымқыру ісі бойынша күдікті деп танылғаны туралы ақпарат тарады. Мәжіліс дәлізінде журналистер ҚМА басшысының орынбасарынан Перизат Қайраттың анасының ақша жымқыру ісіне қатысы бар-жоғын сұрады.

Елемесовтың айтуынша, Ғайни Алашбаева алаяқтыққа және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыруға қатысы бар деген күдікке ілінген.

"Перизат Қайраттың анасы Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс тіркелді. Әзірге оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдалған жоқ", - деді Елемесов.

Оның сөзінше, бұл іс бойынша басқа күдіктілер жоқ.

Еске салайық, 2024 жылдың қарашасында ҚМА ерікті және қоғамдық қайырымдылық қорының негізін қалаушы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын. Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек ретінде жиналған 1,5 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген.

Перизат Қайратқа қатысты тергеу қашан аяқталады?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети