Перизат Қайраттың жеке үйі, Астанадағы 4 пәтері, қымбат көліктері тәркіленеді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

25 шілдеде Астанада қоғам белсендісі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты ұрлық пен алаяқтық ісі бойынша сот процесі аяқталды. Судья Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттан тәркіленетін мүліктің тізімін жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тәркіленетін мүлік қатарында – Vela Village коттедж қалашығындағы жеке үй, Akbulak Riviera, Sensata Plaza, Highvill Ishim Gold, Көк Жайлау тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер мен автотұрақ орындары; сондай-ақ Mercedes-Benz S450 2024 жылғы, Lexus LX 600 2024 жылғы, Mercedes-Benz EQE 500 4 matic 2023 жылғы, Haval H6 GT 2024 жылғы автокөліктері бар.

Сонымен қатар, Перизат Қайраттан "Rebel Flowers" ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100 пайыздық үлесі, 97 миллион теңгеден астам қаражат пен 22 мың АҚШ доллары да тәркіленеді.

Айта кетейік, бүгін Перизат Қайрат 10 жылға, ал оның анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол сот залында қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети