20 қыркүйекте 18 жастағы студент атыс шығарған Пермь мемлекеттік университетінде 22 қазақстандық студент оқиды. Олардың ешқайсы оқиға кезінде зардап шеккен жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстанның Бас консулдығының консулдық ауданы бойынша қазақстандық студенттердің жалпы саны Қазанда 5 мыңға жуық. Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде 22 қазақстандық студент оқиды", - деді Қазақстан СІМ баспасөз қызметі өкілі.
Ведомство мәліметінше, қазақстандық студенттердің ешқайсы елшілікке жүгінген жоқ.
"Біздің ақпарат бойынша, зардап шеккендер арасында Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ", - деп қосты баспасөз қызметі өкілдері.
Қазақстанның Қазандағы Бас консулдығының консулдық ауданы: Башқұртстан Республикасы, Марий-Эл Республикасы, Мордовия Республикасы, Татарстан Республикасы, Удмуртия Республикасы, Чувашия Республикасы, Киров, Нижний Новгород, Пенза, Свердловск, Ульянов облысы Ресей Федерациясы, сондай-ақ Пермь өлкесі.
Еске салайық, 20 қыркүйекте Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде студент атыш шағарған. РИА Новости агенттігінің соңғы ақпараты бойынша, алты адам қаза тауып, тағы 28 адам жарақат алған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!