Пеш иісінен алты адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пеш иісінен алты адам қайтыс болды Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Қазақстанда өткен тәулікте пеш иісінен уланған алты адам қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы Тайсойған елді мекенінде табиғи газбен жылытылатын жеке үйлердің бірінде ақаулы пештен иіс бөлініп, 1986 жылы туған қыз бен 2007, 2008, 2011 жылдары туған үш сәби қайтыс болды. 1978 жылы туған тағы бір адам ауруханаға түсті. Жамбыл облысының Жамбыл ауданындағы Шайқұрық елді мекенінде де осындай қайғылы оқиға тіркелді. Табиғи газға қосылған жеке үйлердің бірінде пештегі ақаудың салдарынан иіс тиген 1952 жылы туған ер адам мен 1954 жылғы әйел адам тіл тартпастан кеткен. Бұған дейін мұндай оқиғалардың Астанада үш рет тіркелгені хабарланған еді. Қаңтардың 29-ы күні пеш иісінен екі отбасы зардап шексе, қаңтардың 5-і күні бір отбасының үш адамына медициналық жәрдем көрсетілген болатын. Ал жаңа жыл келетін күні Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы қыстақта пеш иісі тиген алты адам қайтыс болды. Олардың бесеуі - бір отбасының адамдары, арасында екі жасөспірім бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети