Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Петропавл әкімі қала тұрғындарынан 471 миллион теңгені қайтаруын сұрады 16 тамыз 2022, 18:19

Петропавл әкімі Руслан Аңбаев қала тұрғындарынан 471 миллион теңгені қайтаруды сұрады. Әкімнің айтуынша, қаражат көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғыртуға
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Петропавл әкімі Руслан Аңбаев қала тұрғындарынан 471 миллион теңгені қайтаруды сұрады. Әкімнің айтуынша, қаражат көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғыртуға арналған, - деп хабарлайды Петропавловск.news.

15 тамызда Руслан Аңбаев қала орталығының пәтер иелерінің кооперативі мен меншік иелерінің бірлестігі төрағаларымен кездескен. Мұнда 445 көпқабатты үй орналасқан. Бұл көпқабатты үйлерде 313-і қазіргі басқару нысандарымен жұмыс істейді. Ал 132 үйде меншік иелерінің бірлестігі де, қарапайым серіктестік те әлі жасалмаған.

Қала әкімінің айтуынша, бүгінде басты мәселе - көпқабатты тұрғын үйлерді жаңарту.

"Былтыр көпқабатты үйлерді жаңғыртуға республикалық бюджеттен 980 миллион теңге бөлінді. Петропавлдың орталық бөлігіндегі 11 тұрғын үй жөндеу жұмысынан өтті. Бұған республикалық қазынадан 629 миллион теңге бөлінді. Қазір бұл қаржыны қайтару мәселесі қарастырылып жатыр", - деді Руслан Аңбаев.

2011 жылдан бері қала тұрғындарының қарызы 471 миллион теңге болған. 471 миллионға 80 жаңа ойын алаңын орнатуға немесе 15 аула жолына асфальт төсеуге болады.

"Сондықтан, қаладағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру үшін қаржыны бюджетке қайтаруды сұраймыз", - деді әкім.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram
Төреғали Төреәлі ұсталды
Астанада алғашқы қар жауды
Тоқаев Абай облысына барды