"Петропавл-Алматы" бағытындағы пойыздан өрт шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Петропавл-Алматы" бағытындағы пойыздан өрт шықты Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

3 ақпанда "Петропавл-Алматы" бағытында келе жатқан пойыздан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

3 ақпанда "Петропавл-Алматы" бағытында келе жатқан пойыздан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 ақпанда сағат 21.57-де Қарағанды облысының Аршалы - Анар учаскесінде құрамның соңында орналасқан техникалық вагондағы өрттің салдарынан №105/106 "Петропавл - Алматы" пойызының қозғалысы тоқтатылған. Пойызда 235 жолаушы болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірілді.

Жолаушыларды ауыстыру және Алматы станциясына дейін жеткізу үшін Астанадан жеті купелі және бір плацкарттық вагоннан тұратын бір реттік пойыз жөнелтілді.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ арнайы құрылған комиссиясы болған оқиғаның себептерін тексеруге кірісті.

Стандартты вагондардан жасақталған пойызда сапарлаған жолаушыларға жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және теміржол көлігімен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларына сәйкес белгіленген тәртіппен жол жүру құнының айырмасы төленетін болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети