13 ақпан 2023 12:03

Петропавл мектебіндегі шабуыл: маска мен балтаның суреті жарияланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавл мектебінде шабуыл жасаған бала таққан маска мен балтаның суреті жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Петропавл мектебінде шабуыл жасаған бала таққан маска мен балтаның суреті жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, әжетханада бетперде киіп, дәлізге шығып, үш оқушыны жарақаттаған.

"Біздегі ақпарат бойынша (расталмаған) шабуыл жасаған оқушыны басқа оқушы қолын қайырып, тоқтатқан. Зардап шеккендер (екі бала мен бір қыз) ауруханада", - делінген жазбада.

Еске салайық, бүгін Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жарақаттағаны хабарланған болатын.

Оқиға таңертең №4 мектепте болған. Қала әкімдігінің мәліметінше, екі бала балалар ауруханасында жатыр. Үшінші балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети