26 наурыз 2019 | 13:50

Петропавл мен Павлодар атаулары өзгере ме? Әкімдік өкілдері жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар, Петропавл. © Тұрар Қазанғапов Павлодар, Петропавл. © Тұрар Қазанғапов

Павлодар мен Петропавл әкімдіктерінің өкілдері қала атауын өзгерту туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар мен Петропавл әкімдіктерінің өкілдері қала атауын өзгерту туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

СҚО әкімдігінің өкілдері Петропавл қаласының атауын өзгертуді жоспарлап отырмағанын атап өтті. 

"Қазіргі уақытта БАҚ-та және әлеуметтік желілерде Солтүстік Қазақстан облысының орталығын және еліміздің басқа да қаларының атауын өзгерту мәселесі талқыланып жатыр. Ресми түрде хабарлаймыз, бүгінде СҚО әкімдігі Петропавл қаласының атауын өзгертуді жоспарлап отырған жоқ", - деді Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің өкілдері. 

Павлодар қаласының атауын Кенесары деп өзгертуді әкімдік өкілдері "жеке адамның пікірі" деп бағалады. 

"Бұл өзгерту туралы ұсыныс жасаған жеке адамның пікірі. Бүгінде Павлодар атауын өзгерту мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Әкімдікте ешқандай бастама көтерілген емес", - деді Павлодар облысы әкімдігі баспасөз қызметінің өкілдері. 

Еске салайық, осыған дейін "Қазақстан-2050" Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысында "Ақ жол" демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса қала атауын өзгерту туралы ұсыныс білдірген еді.

"Қазақстан елордасына Елбасының есімін бере отырып, біз осы оқиғаға басқа да атауларды жалғастыруымыз керек. Петропавлға Абылай ханның есімін беру қажет, ол өз уақытында өзінің ордасын тігіп, үш жүздің басын қосты. Павлодарға өз халқының тәуелсіздігі үшін күрескен қазақтардың соңғы ханы Кенесары есімін беру қажет. Бұрын Алаш (Семей) деп аталатын қалаға Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейхановтың атын беру керек", - деді Қазбек Иса.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 20 наурызда Астана атауын өзгерту туралы ұсыныс тастады. 23 наурызда ресми түрде Астананың Нұр-Сұлтан болып өзгергені туралы Қаулы шықты. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети