Петропавл полицейлері балықшыны құтқарып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавл полицейлері балықшыны құтқарып қалды © 24.kz

Петропавл қаласының полицейлері қайықта ұйықтап кеткен балықшының өмірін аман алып қалды, - деп хабарлайды "Хабар 24"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавл қаласының полицейлері қайықта ұйықтап кеткен балықшының өмірін аман алып қалды, - деп хабарлайды "Хабар 24"

Таңғы бес шамасында айдында қалқып жүрген су көлігін қала тұрғындары көріп, тәртіп сақшыларына хабар береді. Олар келген сәтте қайық өзен ағысымен бөгетке жақындап қалған екен.

Оған мінген кісі өзін дауыстап шақырған адамдарға жауап бермеген. Мұны көрген бойда полицейлердің бірі жүзіп барып, қайық тізгінін қолына алады. Қатты ұйқыға кеткен балықшы жағалауға шыққан соң бір-ақ оянған.

"Біз келген сәтте қайық пен бөгет арасында шамамен үш жүз метрдей жер қалғанын көрдік. Мен дереу патрульдік көлікке отырып, бөгетке қарай жүрдім. Мақсатым - сол маңда қайық болса, оған мініп су үстіндегі адамға бару еді. Осы аралықта қызметтес серігім өзенге түсті. Қайыққа жүзіп жеткен соң, жағалауға бет алды", - деді патрульдік полиция батальонының қызметкері Талғат Іңкәров.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети