Петропавл қаласының әкімі қызметтен кетуге өтініш білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавл қаласының әкімі қызметтен кетуге өтініш білдірді Төлеген Зәкәриянов. Фото petropavl.sko.kz сайтынан алынды

Петропавл қаласының әкімі Төлеген Зәкәриянов 1 қазанда өз еркімен жұмыстан кетуге өтініш білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавл қаласының әкімі Төлеген Зәкәриянов 1 қазанда өз еркімен жұмыстан кетуге өтініш білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі шаһар басшысы отставкаға өтініш бергенін растады, алайда олар одан басқа түсініктеме беруден бас тартты. "Біріншіден, бұл мәселе әлі нақтыланған жоқ. Біз оның жазған-жазбағанын білмейміз (жұмыстан кету туралы өтініш - Авт.),  бірақ ол өз өтінішін берді. Екіншіден, қала бұл жағдайға қатысты түсініктеме бермейді, өйткені бірінші басшының отставкасына біз түсінік бермейміз, олай етуге біздің қызметтік дәрежеміз сәйкес келмейді", - деді Петропавл баспасөз қызметінің маманы. 

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі де бұл жағдайға қатысты түсініктеме бермей отыр, "бұдан біздің хабарамыз жоқ" дейді олар. 

Төлеген Зәкәриянов 1961 жылы қазіргі Астана қаласында дүниеге келген. Ол Қарағанды мемлекеттік университетін және Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін заңгер, экономика мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Аймақтық даму комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2013 жылдың мамырында Петропавл қаласының әкімі болып тағайындалған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети