Петропавл тұрғыны алаяқтық әрекеттер жасауға SIM-карталарды шетелге жіберіп отырған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавл тұрғыны алаяқтық әрекеттер жасауға SIM-карталарды шетелге жіберіп отырған Фото:depositphotos.com

Полиция Петропавл тұрғынын ұстады, ол Қазақстан азаматтарының атына SIM-карталар сатып алып, тіркеп, кейін оларды алаяқтық әрекеттер үшін шетелге жіберіп отырған. Осы SIM-карталар арқылы алаяқтар тұрғындардың сеніміне кіріп, олардың қаржысын алдап алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция Петропавл тұрғынын ұстады, ол Қазақстан азаматтарының атына SIM-карталар сатып алып, тіркеп, кейін оларды алаяқтық әрекеттер үшін шетелге жіберіп отырған. Осы SIM-карталар арқылы алаяқтар тұрғындардың сеніміне кіріп, олардың қаржысын алдап алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алаяқтардың құрбаны болғандардың бірі – Астана тұрғыны. Ол өзін "банк қызметкері" мен "құқық қорғау органы өкілі" ретінде таныстырған адамдарға сеніп, 6,5 миллион теңгесінен айырылған. Алаяқтарға алданғанын түсінген азамат бірден полицияға жүгінген.

"Интернет-алаяқтыққа қарсы арнайы операция барысында Киберқылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 1996 жылы туған Петропавл тұрғынын ұстады. Ер адам алаяқтарға көмектесті деген күдікке ілінді. Ол азаматтардың атына SIM-карталар сатып алып, оларды көршілес мемлекетке жөнелтіп отырған. Бұл SIM-карталар қазақстандықтарға құқық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер және банктер атынан қоңырау шалу үшін пайдаланылған. 2000-нан астам SIM-карта тіркеліп, 20-дан астам жіберу жағдайы анықталды. Әрбір жіберілім үшін ол жеке криптоәмиянына криптовалюта алып отырған", – деп хабарлады полицияда.

Ведомство мәліметінше, SIM-карталарды шетелге жеткізу арнасы жабылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол бұған дейін де осындай бірнеше іске қатысы бар екені анықталды.

Полиция құқық қорғау органдары, банк қауіпсіздік қызметі немесе коммуналдық мекемелер атынан қоңырау шалып, SMS-кодтар мен құпиясөздерді сұраған жағдайда бірден сөйлесуді тоқтатуға және ешқандай жеке деректерді бермеуге кеңес береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети