Петропавл зауытының бұрынғы директорына қатысты үкім шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавл зауытының бұрынғы директорына қатысты үкім шықты Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Петропавл зауытының бұрынғы директорына қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавл зауытының бұрынғы директорына қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Петропавл ауыр машина жасау зауытының бас және атқарушы директорларына қатысты, сондай-ақ мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде қозғалтқыштар мен гироблоктарды жеткізуді жүзеге асырған кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі ҚМА тергеді.

"2022 жылы зауыт Қорғаныс министрлігінен әскери техниканы жөндеуге тапсырыс алғаны анықталды, оны орындау кезінде жеке кәсіпкермен жалпы сомасы 283,3 миллион теңгеге қосалқы бөлшектер жеткізуге шарт жасалды.

Орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және шартты орындау кезінде жалпы қамқорлығы үшін бас директор атқарушы директор арқылы кәсіпкерден 100 мың АҚШ доллары (45 миллион теңге) сомасында пара алды", - делінген хабарламада.

Зауыттың бұрынғы бас директоры аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін 11 жылға, атқарушы директор - төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, мемлекет кірісіне 40 миллион теңгеге пара сомасына сатып алынған пәтер тәркіленді. Қалған 5 миллион теңге сотталғандардан тең үлестермен өндірілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети