18 қыркүйек 2020 11:19

Петропавлда 81 жастағы зейнеткер терезеден құлап кете жаздады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Петропавлда 81 жастағы зейнеткер өзінің туған күні қарсаңында терезеден құлап кете жаздады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.


Петропавлда 81 жастағы зейнеткер өзінің туған күні қарсаңында терезеден құлап кете жаздады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Көмекке "Мечта" техника дүкенінің қызметкерлері мен патрульдік полиция қызметкерлері келген.

Таңғы сағат 10-да "102" қызметіне әйелдің көмек сұрап жатқаны туралы қоңырау түскен. Тәртіп сақшылары оқиға орнына келген кезде ондағы дүкен шатырында Денис Григорьев, Иван Барановский есімді дүкен қызметкерлері болған. Олар зейнеткерге көмектескен. Осы уақытта жедел жәрдем қызметіне де жеткен.

Кейін зейнеткердің жалғыз тұрып жатқаны белгілі болды. Оның мұндай қадамға неге барғаны белгісіз.

"Шұғыл ден қоюды қажет ететін хабарламаларға алғашқы болып патрульдік полиция қызметкерлері келіп жетеді. Жиі түсетін шақыртулар – көршілерінің, мас адамдардың азаматтарды мазалауы, ауруханадан келіп түсетін ақпараттар және басқа да құқық бұзушылықтар. Өртке және басқа да төтенше оқиғаларға шығуға тура келеді. ТЖД қызметкерлері келіп жеткенше полицейлер оқиға орнында болады, – дейді СҚО ПД штабы басшысының орынбасары Бахытжан Әлібеков.

"Жақында Мұқанов көшесінде шетелдік көліктің жүргізушісі аулаға кіріп-шығар жерге тоқтап, жолды жауып тастаған. Тұрғындар үйдің ауласынан шыға алмаған. "102" қызметіне қоңырау түсті. Біз шақырту түскен жерге келіп, жүргізушіні анықтадық", - дейді патрульдік полиция инспекторы Өмірсерік Оразғали.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети