Петропавлда әжесі 3 жасар немересін автобуста ұмытып кеткен

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда әжесі 3 жасар немересін автобуста ұмытып кеткен Фото:polisia.kz

Петропавлда зейнеткер автобуста ауырып қалып, ұйықтап жатқан немересін ұмытып кетіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда зейнеткер автобуста ауырып қалып, ұйықтап жатқан немересін ұмытып кетіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, кішкентай қыз бір сағаттан астам уақыт полиция бөлімшесінде отырған.

"Оны Уәлиханов көшесіндегі стационарлық полиция бөлімшесіне автобус жүргізушісі алып келді.  Ол баланы соңғы аялдамаға жеткенде, салоннан тауып алған. Бала табылғаны туралы ақпарат Жедел басқару орталығына жеткізілді", - делінген хабарламада.

 "Қолыма алған едім, жылауын қойды. Оған тәттілер сатып алдық. Анасының атынан басқа ештеңе айта алмады", - деді учаскелік инспектор.

Осы уақытта "102" арнасына арызбен ешкім жүгінбегендіктен, қыз полиция модулінде, ювенал полиция инспекторы Виолетта Моисеевамен қалған. Бұл кезде баласы жоғалғанын білген тұрғын оны өз бетінше іздеуге кіріскен.

"Баланың туыстары "Береке" ауданындағы камераларды қарай бастаған. Ал қорыққан ана жақын маңдағы полиция бөліміне жүгінген. Сол жерде бала қаланың екінші шетіндегі модульде екенін айтқан. Анасы баланы сурттерден таныды", - деді полиция өкілі.

"Бұл бір жаман түстей болды. Абдырап, қайда барарымды білмей жүгіре бердім. Бұл кезде ойыма не келмеді деңіз. Далада үсіп қалған шығар деп те ойладым. Балам полицейлермен екенін естігенде одан бетер жыладым. Бізді осындай адамдар қорғайтыны қандай жақсы", - деді қыздың анасы.

Әжесімен бірге келе жатқан сәби автобуста ұйықтап қалғаны белгілі болды. Ал зейнеткер ауырып қалған. Ол автобустан қалай түсіп, үйіне кетіп қалғанын есіне түсіре алмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети