Петропавлда апат жағдайында тұрған көпір картон қағазымен жамалған

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда апат жағдайында тұрған көпір картон қағазымен жамалған "Астана" телеарнасының видеосынан алынған кадр

Петропавл тұрғындары апат жағдайында тұрған көпірдің жөндеу жұмыстарына наразылық көрсетті. Куәгерлер жарылған жерлерді жамайтын картон қағаздарын видеоға түсіріп алған, оның үстіне асфальт төселген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавл тұрғындары апат жағдайында тұрған көпірдің жөндеу жұмыстарына наразылық көрсетті. Куәгерлер жарылған жерлерді жамайтын картон қағаздарын видеоға түсіріп алған, оның үстіне асфальт төселген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Халықтың айтуынша, көпір жыл сайын жамалады, жөндеу жұмыстарының сапасы әлі көңіл көншітерліктей емес.

Телеарна тілшісінің мәліметінше, көпірді жөндеуге биыл жергілікті бюджеттен 21 миллион теңге бөлінген.

Мердігер ұйым жұмыстар жоба бойынша жүргізіліп жатқанын, ешқандай заңбұзушылықтар жоқ екенін мәлімдеді.

"Оңтүстік-Орал теміржолына құм мен қиыршық тас шашылмау үшін картон қағазбен жамалған. Мұқият қарасаңыз, арасынан рельстерді көре аласыз. Олар көпірді асфальтпен жабу үшін уақытша жабылды. Енді бұл деформациялық жабындар қайтадан ашылады. Смета мен жобаға сәйкес жез компенсаторлар орнатылады, содан кейін бетонмен жабамыз", - деді "Магистраль СК" ЖШС директорының орынбасары Александра Найман.

Бұған дейін қазақстандықтар Атырау-Астрахань тас жолының жағдайы туралы видео түсірген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети