Петропавл қаласының 25 жастағы тұрғыны Александр Рябуха өзінің электронды мәліметтер базасында өлі ретінде тіркелгенін, осы себепті тұрғын үй кезегінен алып тасталғанын білген. Жас жігіт алты айдан астам уақыт бойы мемлекеттік органдарға өзінің тірі екенін дәлелдей алмай келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Жетімдер үйінде өскен ол бірнеше жылдан бері пәтер кезегінде тұр. Жақында жігіт өзінің тізімнен шығып қалғанын білген.
"Наурыз айын қарағанда мен әкімдіктің баспана бойынша кезегінде болдым. Бірақ маған мені кезектен алып тастағаны туралы sms-хабарлама келді. Тізім жарты жылда бір рет жаңартылады. Сол себепті күттім. Жақында ол жаңартылыпты, менің тізімде жоқ екенімді досым көріп, айтты. Иә, шынында да жоқ екенмін. Әкімдікке барып білдім. Бұл қателік дейді. Кезектен алып тастау себебінде менің қайтыс болғаным көрсетіліпті. Өткен екі күн бойы өзімнің тірі екенімді және мені қайта кезекке қосулары үшін құжаттар жинадым", - дейді Александр Рябуха.
Бәрінен бұрын, жігіт "мезгілсіз өлімінің" салдарынан баспана кезегінен қағылып, ұзақ жылдар бойы жалдамалы пәтерлерді кезуге мәжбүр боламын ба деп қорқады.
Петропавл әкімдігі әзірге оның қалай болғанын түсіне алмай, жүйенің ақауын кінәлап отыр.
"Республикалық мәліметтер базасында жүйелік бұзылу болған. Салдарынан Александрдың статусы көрінбейді. Ол өткен аптада қалалық әкімдікке келді, оған не істеу қажеттігі айтылды. Ертең көші-қон полициясына барып, жаңартамыз. Статусы 5 күннің ішінде өзгеруі керек. Тек содан кейін ғана оны баспана бойынша кезекке бұрынғы орнына қайта қояды. Мәселені бақылауда ұстап отырмыз", - дейді Петропавл қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысы Азат Ыбыраев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!