Петропавлда жоғалып кеткен зейнеткер өлі табылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда жоғалып кеткен зейнеткер өлі табылды Фото: instagram.com/volonterypetropavl

Петропавлда таңертең емханаға кетіп, үйіне оралмаған 74 жастағы зейнеткер белгісіз жағдайда қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда таңертең емханаға кетіп, үйіне оралмаған 74 жастағы зейнеткер белгісіз жағдайда қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарт адамның жоғалғаны туралы ақпарат 9 шілдеде LIDER.KZ волонтерлер қозғалысының әлеуметтік желілерінде пайда болды. Хабарламада Пётр Иванович Земляков таңертең емханаға өз үйінен шыққаны, содан кейін із-түзсіз жоғалып кеткені айтылған. Емхана оның үйінен бірнеше минуттық жерде орналасқан.

Зейнеткерді бірнеше күн бойы полицейлер іздеген; іздеуге волонтерлер мен қала тұрғындары да қосылды. 13 шілдеде әлеуметтік желілерде ер адамның өлі табылғаны туралы ақпарат тарады. Ол ескі арнадағы суға батып кеткен.

Қарт адамның қала шетіндегі су қоймасына, емханадан бірнеше шақырым алыс жерге қалай тап болғаны белгісіз.

"Петропавлда 9 шілдеде хабар-ошарсыз кеткен 74 жастағы тұрғынның өліміне байланысты полиция тексеріс жүргізіп жатыр. 13 шілдеде оның мәйіті қала маңындағы су қоймасынан табылды. Зорлық белгілері анықталған жоқ. Жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz-ке.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети