Петропавлда 47 жастағы ер адам құрылыста жоғарыдан құлап кетіп, алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінің телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Петропавлда 47 жастағы ер адам құрылыста жоғарыдан құлап кетіп, алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінің телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Оқыс оқиға 5 желтоқсанда Петропавлдағы Чкалов-Уәлиханов-Мүсірепов-Назарбаев көшелерінің бойында салынып жатқан 126 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс алаңында сағат 15.30 шамасында болған.
Тас қалаушы болып жұмыс істеген Қалел Маденов жоғарыдан құлап кетіп, ауыр жарақат алған. Ол емдеу мекемесінде 6 желтоқсанда қайтыс болған.
СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы осы оқиғаға қатысты түсінік берді.
"Қайтыс болған ер адам плита жабындысының үстіне түскен. "Құрылыс-Сервис-СК" ЖШС директоры Еңбек инспекциясына қызмет көрсету шартын қоса бере отырып, жазатайым оқиға туралы хабарлама берді. ҚР Еңбек Кодексінің 186-бабына сәйкес "қызметкерлердің еңбегіне байланысты және еңбекке жарамсыздыққа, не өлімге әкеп соққан денсаулығына зиян келтіру жағдайлары тергеледі". Қайтыс болған Маденов пен "Құрылыс-Сервис-СК" ЖШС арасында азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасалғандықтан, бұл құқықтық қатынастар ҚР Азаматтық кодексімен реттеледі. Жоғарыда айтылғандардың негізінде бұл жазатайым оқиға ҚР Еңбек кодексінде көзделген арнайы тергеуге жатпайды", - деп жауап берді мемлекеттік еңбек инспекторлары.
Петропавл қалалық полиция басқармасының мәліметінше, ҚР ҚК 156-бабының 2-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүріп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!