Петропавлда қоғамдық көліктегі жолақы құны қымбаттайды

10 Желтоқсан 2014, 10:47
0
Петропавлда қоғамдық көліктегі жолақы құны қымбаттайды - ©Kolesa.kz
©Kolesa.kz

Петропавлда қоғамдық көліктегі жолақы құны 15 теңгеге көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай шешімді қалалық мәслихат шығарды.

Депутаттар қоғамдық көлікте жол жүру тарифтері туралы талқылады. Жолақы құны соңғы үш жылда өзгермеген. Жол жүру құнын қымбаттатудың негізгі себебін жолаушы тасымалдаушылар дизель отынының, бөлшектер мен коммуналдық қызметтердің тарифі көтерілгенімен, сонымен қатар жүргізушілер мен кондукторлар жалақысының аз екенімен байланыстырады. Пайдасынан шығыны көп бірнеше бағытты жабу да көзделіп отыр.  

"65 теңгелік тариф жолаушы көлігінің мәселесін шешіп бере алмайды, тек кішігірім қолдау береді. Бүгінде жол жүру құнын қымбаттату мәселесі шешілмесе, онда тағы 2-3 бағыт жұмысын тоқтатуы мүмкін. Бізде төрт бағыт конкурсқа қатыспады - оған шығуға талап білдіріп жатқан ешкім жоқ, қазіргі уақытта конкурсты қайта жарияланды, тарифтің көтерілуі бойынша ақпарат есебінен бұл маршрутты алғысы келетін адам табылады деп үміттенеміз. Қазір тариф төмен, маршрутқа ақша жоқ", - деді "СҚО Автокөлік одағы" ассоциациясының төрағасы Галина Семенова. 

Қалалық әкімдіктің жолаушылар көлігі секторы мамандарының мәліметінше, жол жүру құны желтоқсан айының соңына дейін қымбаттайды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай