Петропавлда көпқабатты үйден өрт шығып, екі әйел зардап шекті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда көпқабатты үйден өрт шығып, екі әйел зардап шекті

Петропавлда бес қабатты үйлердің бірінде өрт шығып, иіс тиіп уланған екі әйел ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда бес қабатты үйлердің бірінде өрт шығып, иіс тиіп уланған екі әйел ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы Пушкин көшесі, 43 мекенжайда орналасқан бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты.

Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 3 автоцистернасы және 3 арнайы көлігі мен жеке құрамнан 21 адам жетті. Олар бірден іске кірісіп, өрт шыққан ғимараттан тұрғындарды шығарды.

Дәрігерлер зардап шеккендердің екеуінің де жағдайы (1974 және 1942 жылы туылғандар) орташа ауырлық деңгейінде екенін айтады.

Өрт толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен келген шығын мөлшері анықталатын болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети