Петропавлда саяжай иелері қазылған құдықтарда жанғыш сұйықтық қайдан пайда болғанын анықтауды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Петропавлда саяжай иелері қазылған құдықтарда жанғыш сұйықтық қайдан пайда болғанын анықтауды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
"Ромашка" саяжай қоғамдастығындағы учаскелер жер асты суының тазалығымен бағалы. Тұрғындар 10 метрлік ұңғыма қазып, таза су пайдаланады. Судың дәмі жақсы. Алайда құдықтарда судың орнына жанғыш сұйықтық пайда болған.
"Құдықты ашамыз, саптыаяқты сүңгітеміз, көтереміз – міне, бұл май сияқты, міне, қараңыз, сөндіремін, - дейді тұрғындар.
Саяжай тұрғындарының айтуынша, құдақтағы су майлы және сасық бола бастаған.
"Қазір бәрі бұзылды. Монша бүлінді, өйткені сұйықтық сол жерге жиналған. Бәрі майлы және өрт қаупі бар. Барлық шланг, сорғы. Сұйықтық құйған шелектер, бәрі бүлінді. Толығымен сусыз қалдық. Бұл әлі жартысы ғана. Бір жерде ғана кішкене бар, оны қайда жаратамыз?" - деді Черноморец тұрғыны Татьяна.
Оқиға орнына экологтар жетті. Судың иісі бойынша олар судың құрамында мұнай өнімдері бар екенін айтты. Су сынамаларын алып, азот тобындағы мұнай өнімдері мен заттардың құрамын анықтау үшін зертханаға жіберген. Анализ нәтижелері үш күннен кейін анық болады деп уәде береді. Саяжай тұрғындары көрші жанармай құю бекеті кінәлі деп санайды. Бағбандар мұнай өнімдері жер асты суына сол жақтан енген деп болжайды. ЖҚС бұл нұсқаны жоққа шығарады.
"Біздің мәліметіміз бойынша, кейінгі кезде ештеңе ағып жатқан жоқ, өйткені біз жүйені, резервуарларды үнемі қадағалап отырамыз. Ағып кетуді бақылаймыз. Ғимаратта арнайы құрылғылар орнатылған. Күнде сатылған және резервуардан шығарылған мөлшерді салыстыру жүргізіледі. Егер экологтар тексергісі келсе, онда тексеріс нақтыланғаннан кейін өз аумағымызға кіргіземіз", - деді ЖҚБ желісін жабдықтау жөніндегі инженер Камиль Наргузин.
Енді саяжай тұрғындар бақшаларына ғана емес, денсаулығына да алаңдаулы.
Дереккөз: КТК
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!