Петропавлда тасжол үстімен жүрген локомотив видеоға түсірілді 26 наурыз 2021, 14:48
Желіде Петропавл көшелерінің бірінде тасжол үстімен локомотив өтіп бара жатқаны түсірілген видео пайда болды. Видео бір қарағанда шынай болып көрінеді. Алайда ол видео кадрларына қойылған тепловоздың 3D моделі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео әлеуметтік желілерде 25 наурызда пайда болды. Қазіргі уақытқа дейін TikTok-та 100 мыңнан аса қаралым жинаған.
@funnycgi нарушил или нет? #юмор #пдд #авто #фейк #рек #врекомендации #3дграфика #анимация #vfx #cg #3danimation
♬ оригинальный звук - chagpg
Видеода тепловоз Ярослав Гашек көшесі бойынан "өтіп", айналма жолда тоқтайды.
"Бұл Петропавлдағы жолаушылар автобусы","Ең бастысы бұрылысқа тоқтап, шамын жақты",- деп оқырмандар әзілдеп, пікірлер қалдырған.
Облыстық полиция департаменті де бұл видеоға жауап беріп, автордың Instagram-парақшасында түсініктеме қалдырды.
"Бұл видео 3D-графика көмегімен жасалған. Рельстік көлік құралдары жылжымалы құрамдарға жатады және пойыз рельсімен жүруге арналған көлік", - делінген полиция өкілі қалдырған түсініктемеде.
Жеке парақшадан видео авторы мұндай жұмыстарды жиі жариялап отыратынын көруге болады.
@funnycgi SIRENHEAD in real life!!! Сиреноголовый в реальной жизни! ##sirenhead ##scp ##сиреноголовый ##monster ##horror ##fear ##ужас ##cgi ##3danimation
♬ оригинальный звук - chagpg
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!