ТЖМ құтқарушылары лифтте қамалып қалған 7 адамды шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Түнде Петропавл қаласының 112 кезекші қызметіне тұрғыннан қоңырау келіп түскен. Ол бір топ адаммен Қазақстан Конституциясы көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің лифтінде тұрып қалғанын хабарлады.
"Шақырту орнына келген кезде жедел-құтқару жасағының қызметкерлері лифтте 7 адам бар екенін анықтады. Оттегінің жетіспеушілігінен іште тұрған егде жастағы әйел кісі өзін нашар сезіне бастаған еді. Лифтті шұғыл түрде ашу туралы шешім қабылданды.
Гидравликалық құралдың көмегімен құтқарушылар есіктерді ашып, адамдарды шығарды", - делінген хабарламада.
Тұрғындарға медициналық көмек қажет болмағаны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!