Петропавлда Юрий Шатуновтың құрметіне флешмоб өткізуге тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда Юрий Шатуновтың құрметіне флешмоб өткізуге тыйым салынды © instagram/yuriy_shatunov

Петропавл әкімдігі әнші Юрий Шатуновтың құрметіне флешмоб ұйымдастыруға тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавл әкімдігі әнші Юрий Шатуновтың құрметіне флешмоб ұйымдастыруға тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Петропавл әкімдігінің баспасөз қызметі Интернациональная мен Бөкетова көшелерінің арасында "Ласковый май" тобының бұрынғы солисін еске алуға арналған шара өтпейтінін жариялады.

"Іс-шара келісілмеген және рұқсат етілмеген, сондықтан өткізілмейді", - деді ведомство өкілдері.

"Ласковый май" тобының бұрынғы солисті 23 маусымда қайтыс болды, әртіс 48 жаста еді. Музыкантты құтқармақ болған Домодедово ауруханасының бас дәрігерінің айтуынша, Юрий Шатунов клиникалық өлім жағдайында дәрігерлерге жеткізілген. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ Юрий Шатуновты аман алып қала алмады.

Еске салайық, 23 маусымда Шатуновтың директоры Аркадий Кудряшов әнші инфаркттан қайтыс болғанын хабарлаған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети