Петропавлда зейнеткер ұлының орнына немерелеріне алимент төлеуге міндеттелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда зейнеткер ұлының орнына немерелеріне алимент төлеуге міндеттелді Тұрар Қазанғапов

Петропавлда сот зейнеткерді алимент төлемейтін ұлының орнына зейнетақысынан немерелеріне алимент төлеуге міндеттеді. Бұл туралы облыстық прокуратура баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алтын Орда" порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда сот зейнеткерді алимент төлемейтін ұлының орнына зейнетақысынан немерелеріне алимент төлеуге міндеттеді. Бұл туралы облыстық прокуратура баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алтын Орда" порталына сілтеме жасап.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, 2021 жылғы 1 маусымдағы сот қаулысымен Қ.Т.Е. пайдасына Қ.А.Х-дан кәмелетке толмаған балалар үшін ай сайынғы жалақының және (немесе) өзге де кірістің 1/3 бөлігі мөлшерінде алимент өндірілді. Алайда борышкер өз міндеттемелерін орындамаған, нәтижесінде 3,7 миллион ​​теңге қарыз жиналған.

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 152-бабына сәйкес, өздерінің еңбекке жарамды ата-аналарынан, бірге туған кәмелетке толған еңбекке жарамды ағалары мен апаларынан күтіп-бағу қаражатын алуға мүмкіндік болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған көмекке мұқтаж немерелер алимент төлеуге қажет қаражаты бар әжесі мен атасынан сот тәртібімен алимент алуға құқығы бар", - деп түсіндірді прокуратура өкілдері.

Балалардың анасы борышкердің әкесінен (атасынан) немерелерін асырауға арналған алимент төлемдерін өндіру туралы арызбен сотқа жүгінген. Петропавл №2 соты бұл өтінішті қанағаттандырды.

"Атасының зейнетақысынан ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш (30 630 теңге) көлемінде алимент өндіріледі", - деді облыстық прокуратураның баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети