Петропавлда 9 мамыр мерекесіне орай өткізілген автошеруге, 70 астам автокөлік қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтының тілшісі.
Петропавлда 9 мамыр мерекесіне орай өткізілген автошеруге, 70 астам автокөлік қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтының тілшісі.
"Атамның жеңісі - Менің жеңісім" деген атаумен ұйымдастырылған автошеруге 70-тен астам автожүргізуші қатысқан. Әртүрлі көлікке мінгендердің шеруі шамамен 10 шақырым жерге созылып, қаланың ортасынан жүріп өтті.
Петропавлдықтардың мерекеге ерекше дайындалғандықтарын Кеңестер одағының рәмізі саналатын қызыл жалау, түрлі-түсті шарлар көтеріп, мерекеге лайық безендірілген автокөлікпен әскери және мерекелік әуендер айтып жүргендерінен-ақ байқауға болады.
"Біздің басты мақсатымыз - өз батырларымызды мәңгілік есте қалдыру. Осы үшін Ұлы Отан соғысына қатысып, фронтта қан төккен бабаларымызға тағзым етіп отырмыз", - дейді шараны ұйымдастырушы Никита Жуков.
Автошеру қаланың барлық орталық көшелерімен жүріп өтті. Шеру кезінде жол бойында түрлі бөгеттер болмауы үшін қалалық жол полиция қызметкерлері көмек қолын созды.