Солтүстік Қазақстандағы түрмеге қамалғандар Петропавлдағы таксопарктар үшін балаларға арналған бекіту құралдарын шығарумен айналыса бастады, - деп хабарлайды Петропавловск kz -ИА REX-Казахстан.
Солтүстік Қазақстандағы түрмеге қамалғандар Петропавлдағы таксопарктар үшін балаларға арналған бекіту құралдарын шығарумен айналыса бастады, - деп хабарлайды Петропавловск kz -ИА REX-Казахстан.
2015 жылдың қаңтар айында ЕС-164/6 мекемесінде (әйелдер колониясы) жеке кәсіпкер Щеголов дайындап келген өнімдердің қатарына балаларға арналған бекіту құралын да қосты. Бұл шара Жол қозғалысы ережесінің жаңа талаптарын орындау аясында жасалып отыр.
Таксомоторлық ұйымдармен келісімшарт бойынша, данасы 800 теңге тұратын 500 өнім жасалған. Құрылғылардың сатылым нарығын кеңейту әлі де жалғасады. Бұл колонияларда жеке кәсіпкерлерге 70 адам жұмысқа тұрған.
Еске сала кетейік, 7 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Жол қозғалысы ережесі күшіне енді. Бұл ережеде 12 жасқа дейінгі балаларды автомобильде автокресло немесе өзге бекіту құралымен тасымалдау туралы талап бар. Оның айыппұл көлемі - 10 мың теңге (5 АЕК). Бұл норма таксилерге де қатысты. Қазақстанда бұл норма қызу талқыға түскенін айта кету керек. Мәселен, кейбір такси қызметкерлері көлікте автокресло орнатқаны үшін жолаушылардан қосымша ақы талап еткен болатын.
Парламент Мәжілісінде депутаттар балаларға арналған бекіту құралы туралы норманы 1 жылға кейінге қалдыруға ұсыныс жасаған еді.