Қазақстандағы бала саны ең көп отбасы 16 сәбиінің дүниеге келуін күтіп отыр. Петропавлдағы ерлі-зайыпты Култышевтердің отбасында сегіз ұл мен жеті қыз бар, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.
Қазақстандағы бала саны ең көп отбасы 16 сәбиінің дүниеге келуін күтіп отыр. Петропавлдағы ерлі-зайыпты Култышевтердің отбасында сегіз ұл мен жеті қыз бар, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.
Бұл үйдің үлкені 18-де, кенжесі 9 айлық. Павел Култышевтың шағын ғана шеберханасы бар. Ұлдары бос уақытта әкесіне қолғабыс етеді. Қазір ол балаларымен бірге әбден тозығы жеткен "Газ" жүк көлігін қалпына келтіріп жатыр. Жақын арада оталдыртып, техниканы пайдасына жаратпақ.
"Өзім дәнекерлеушімін. Білгенімді әр кез балаларыма үйретемін. Себебі жақсы тәрбие беріп, оларды еңбекке баулу - менің басты міндетім. Өзім де көпбалалы отбасынанмын. Біз сегіз ағайындымыз", - дейді Павел Култышев.
Татьяна - жиырма жылда 15 құрсақ көтерген ана.
"Балаларымды бөліп жармаймын. Барлығына құшағымды ашып, ана махабатымды беремін. Әрине бағып-қағуда аздаған қиындықтар бар. Бірақ, ол бастысы емес. Маңыздысы олардың сыңғырлаған күлкісі. Қазір балапандарымызды қатарынан кем қылмай өсіріп келеміз. Ешкімнен көмек сұрағанымыз жоқ", - дейді Татьяна.
Ал үйді базар қылып отырған балалар саны бұйыртса тағы да артпақ. Қазір бұл жанұя 16-шы сәбиін күтіп отыр.
Еске салайық, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 7 және одан көпбалалы отбасыларға жәрдемақы енгізілгенін мәлімдеген. Оның айтуынша, енді 8 және одан да көп балалы отбасыларға да біркелкі жәрдемақы беру қарастырылып отыр. Мысалы, 8 балаға 85 мың теңге, 10 бала 106 мың теңге, 15 балаға 159 мың теңге төленеді.
Ал Қазақстанда жәрдемақы алып отырған 15 баласы бар 1 ғана отбасы және 10 баласы бар 168 отбасы тұрады. 2020 жылғы 19 ақпан жағдайы бойынша Республикада 389 582 көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындалған. Сонымен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елдегі көпбалалы отбасылар саны мынадай: