Петропавлдық жігіт пәтерді бірге жалдап тұратын зейнеткердің атынан екі несие алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлдық жігіт пәтерді бірге жалдап тұратын зейнеткердің атынан екі несие алған Сурет: polisia.kz

Петропавл тұрғыны жалдамалы пәтерде бірге тұратын зейнеткердің атына несие рәсімдеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавл тұрғыны жалдамалы пәтерде бірге тұратын зейнеткердің атына несие рәсімдеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қаңтарда 69 жастағы петропавлдық полицияға жүгінген. Қолына зейнетақысының жартысын ғана алған қария есепшотындағы ақшасы екі несиенің жабылуына жұмсалғанын байқаған. Жедел уәкілдер күдіктіні тез арада анықтады. Ол облыс аудандарының бірінің 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Жігіт зейнеткермен бірге пәтер жалдап тұрған. Қарт адамның сеніміне кіріп, телефонындағы банктік қосымшасын пайдаланған. 2022 жылы желтоқсанда жалпы сомасы 300 мың теңге болатын екі несие ресімдеген.

Ұсталғанның айтуынша, оған шұғыл түрде ақша қажет болған. Жақын арада қайтарып беруді жоспарлаған. Бірақ ойлағаны іске аспады. Екі несиеден түскен ақшаны толығымен букмекерлік кеңседе бәс тігуге жұмсаған. Сот отырысы болғанға дейін жас жігіт қажетті соманы тауып алып, келтірген шығынды өтеді. Сәуірде сот оның бас бостандығын 3 жыл 6 айға шектеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети