Петропавлдық полицейлердің жүргізушіні қуған сәтінен видео тарады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда Toyota Corolla жүргізушісі полицейлерден қашпақ болды. Тәртіп бұзушының қашқан сәті тәртіп сақшыларының камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда Toyota Corolla жүргізушісі полицейлерден қашпақ болды. Тәртіп бұзушының қашқан сәті тәртіп сақшыларының камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"10 тамыз кешке Партизан-Назарбаев көшелерінің қиылысында полицейлердің назарына артқы бампері жоқ Toyota Corolla көлігі түседі. Жағдайды білу үшін тоқтатқан инспектор көлік жүргізушісінен спирттік ішімдіктің иісі шығып тұрғанын байқаған. Ер адам бірден газға басып, жолда жүру ережелерін өрескел бұзып, патрульді полиция экипажынан жасырынбақ болды", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Петропавловск Казахстан СКО (@sko_kz)

Қуғын барысында 30 жастағы жүргізуші Жамбыл көшесіндегі ғимараттардың бірінің жанында ұсталды. Құқық бұзушыны ұстау кезінде жол қозғалысының басқа қатысушылары және азаматтар зардап шеккен жоқ. Ер адам медициналық куәландырудан өтуден бас тартты. Ал көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

Полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған, жолда жүру ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материал мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілді. ⠀

Соттың шешімі бойынша ер адам 20 күнге әкімшілік қамауға алынды, сондай-ақ 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети