03 ақпан 2021 | 18:12

"Photoshop көмегімен жөнделген". Блогер СҚО мектебін айыптады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: press.kz Фото: press.kz

Блогер Кирилл Павлов СҚО-дағы ауыл мектебін сыртын Photoshop көмегімен жөндеп қойған суретіне айыптады. Кирилл өзінің Facebook-тегі парақшасында мектептің терезелері мен шатыры Photoshop-пен салынғанын байқап қойғанын жазды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Блогер Кирилл Павлов СҚО-дағы ауыл мектебін сыртын Photoshop көмегімен жөндеп қойған суретіне айыптады. Кирилл өзінің Facebook-тегі парақшасында мектептің терезелері мен шатыры Photoshop-пен салынғанын байқап қойғанын жазды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Press.kz мәліметінше, қазақстандық блогер Кирилл Павлов Шөптікөл ауылының орта мектебінің суретін Желіден көрген. Оның көзіне Photoshop-та жасалған мектеп бөлшектері бірден түскен. Бұл туралы блогер Facebook-те жазды.

"Мектеп суретіндегі терезелер графикалық редактордың көмегімен салынған, олардың бірінің жанында ауада баспалдақ ілулі тұр. Неге бұлай болғанын тек болжай аламын. Сыртқы бейнесінен ұялған шығар..." - деп жазды ол.

Кейін ер адам мемлекеттік сатып алу сайтында 2020 жылы жаз соңында мектептің шатырын жөндеу туралы ақпарат барын жазды. Ол мектеп директоры ауылдық округ әкімінің "жары" екенін де айтты.

Facebook-тегі блогер парақшасынан скриншот

Ғабит Мүсірепов атындағы СҚО аудан әкімдігі мектеп сайтына эскиз жобаның суреті жарияланғанын айтты. Жөндеу жұмыстарынан кейін мектеп осылай болуы керек екен. Ведомство мәліметінше, 2020 жылы 8,418 миллион теңгеге мектеп шатырына жөндеу жүргізілген.

"Сонымен қатар, 2020 жылы "Шөптікөл орта мектебі" КММ-де жалпы сомасы 156,571 миллион теңгеге терезе, есік блоктарын ауыстыру, қабырғалар мен төбелерді әрлеу, электрмен жабдықтау элементтерін ауыстыру, желдету құрылғысы, жылыту аспаптарын ауыстыру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, бюджеттік өтінім қаралуы және енгізілуі үшін "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ-ге жіберілді", - деп хабарлады әкімдіктегілер.

Сондай-ақ, әкімдік өкілдері сурет әлеуметтік желілерде "Қазақтелеком" туралы жаңалықтар жариялағаннан кейін пайда болғанын мәлімдеді. Ал компаниядағылар бұл Шөптікөл мектебінің ресми сайтындағы көпшілікке қолжетім жалғыз суреттері екенін айтты.

"Білім беру мекемесі порталының басты бетіндегі сурет эскиз немесе жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейінгі болжамды келбеті екені туралы ақпарат болған жоқ. Еске салайын, шалғай ауылдарды жоғары жылдам интернетпен қамтамасыз ету туралы жаңалықтарды жариялаудың басты мақсаты "Қазақтелеком" компаниясының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылында атқарған жұмыстары туралы халықты ақпараттандыру болды", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінің жетекшісі Сара Бәкірова.

Сурет ұзақ уақыт бойы Шөптікөл орта мектебінің басты бетінде тұрды. Бірақ кейінірек ол ауыстырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети