ПИК-тің орнына нені таңдау керек? Әкімдік түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ПИК-тің орнына нені таңдау керек? Әкімдік түсінік берді Фото: elements.envato.com

ПИК-тің (КСК) орнына үйді басқарудың қандай формасын таңдау керек? Мүлік иелері бірлестігі (МИБ - ОСИ) мен жай серіктестік (ЖС - ПТ) арасында қандай айырмашылық бар? Бұл сұрақтарға Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиев жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жай серіктестік тұлға бола алмайды, оны тіркеудің керегі жоқ. Алайда жай серіктестікті құру үшін жиынға мүлік иелерінің 100 пайызы қатысуы керек. Олар қарапайым сенімхат жазуға міндетті. Мысалы, тұрғын үйде 30 пәтер болса, онда 30 мүлік иесі бір адамға сенеді. 100 пайыз адамды жинау өте қиын. Сондықтан шағын үйлер жай серіктестік құра алады. Ал мүлік иелері бірлестігі (МИБ - ОСИ) заңды тұлға болып саналады. Оларға салық салынып, келісімшарт жасалады. Шағын үйлер үшін МИБ құру өте ауыр болатын шығар", - дейді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтынша, ПИК 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін сервистік немесе басқарушы компаниялар болып қайта құрыла алады.

"Қазір көптеген адам "ПИК-тен шыққымыз келеді, не істеу керек?" деп сұрақ қояды. Алайда одан келісімшарт негізінде шығуға болады. Әр үй басқарудың жаңа формасын таңдауы керек. Кейін сервистік немесе басқарушы компания ретінде ПИК-ті таңдайды", - дейді Отыншиев.

"КСК болмайды". Мамандар тұрғын үйді басқарудың жаңа формасын түсіндірді

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети