26 қаңтар 2022 10:07

Питер Гриффитс Қазақстанның авиация әкімшілігі басшысы қызметінен кетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Питер Гриффитс "Қазақстанның авиация әкімшілігі" АҚ бас директоры қызметінен кетті. Ақпаратты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылғы 7 желтоқсанда берілген өтінішке сәйкес, оның жеке өтініші бойынша 2022 жылғы 7 ақпаннан бастап Питер Гриффитстің "Қазақстан авиация әкімшілігі" АҚ бас директоры ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды.

Питер Гриффитс Қазақстанның Авиация әкімшілігі құрылғаннан бері 2 жылдан аса уақыт жұмыс істеп, авиация реттеушісінің дамуына үлкен үлес қосты", - делінген хабарламада.

2022 жылдың 7 ақпанынан бастап бас директордың міндетін директордың бірінші орынбасары, 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап ұшу қауіпсіздігі басқармасының басшысы қызметін атқарған Линда Орледи атқаратыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети