Полицейлер мемлекеттік қызметкер болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер мемлекеттік қызметкер болады © Тұрар Қазанғапов

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін мемлекеттік қызмет жүйесіне қосу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін мемлекеттік қызмет жүйесіне қосу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құзіретті тәсіл негізінде полиция қызметкерлерін іріктеу жүйесін жетілдіру, кандидаттардың жеке қасиеттері мен кәсіби шеберліктерін тексеруші арнайы тестілеу жүйесін меңгеру мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін мемлекеттік қызмет жүйесіне қосу", - деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында.

Сонымен қатар, ол жергілікті атқарушы органдарға есеп беруші жергілікті полиция құру қажеттігін тағы бір мәрте еске салды. (...)

"Жергілікті бірлестікке есеп беруші жергілікті полиция қызметін құру. Ол қоғамдық тәртіпке жауап беріп, тұрмыстық қылмысқа қарсы тұратын болады. Біз бұл туралы көп айтсақ та, бұған жақындай алмадық. Барлығын орталықта ұстап, ешкім жібергісі келмейді, олар осы сұраққа қатысты жергілікті билік органдарына жүгінсін. Тап осы қызмет қоғаммен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп, ұсақ құқық бұзушылықтарда нөлдік төзімділік режимімен қамтамыз етуі тиіс", - деді Президент отырыста.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети