Полицейлердің жалақысы өседі: Бұл үшін қанша қаржы бөлінді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлердің жалақысы өседі: Бұл үшін қанша қаржы бөлінді?

Қазақстанның ішкі істер органы қызметкерлерінің 2018-2020 жылдары аралығында еңбекақысын өсіруге бюджеттен 11,417 миллиард теңге бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның ішкі істер органы қызметкерлерінің 2018-2020 жылдары аралығында еңбекақысын өсіруге бюджеттен 11,417 миллиард теңге бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Полицейлердің еңбекақысын көтеруге ең көп қаржы Қарағанды облысына бөлінді - 1,293 миллиард теңге. Екінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы - 1,220 миллиард, ал үшінші - Шығыс Қазақстан облысында - 1,081 миллиард теңге. 

Алматы полицейлерінің еңбекақысын көтеруге 1,071 миллиард, ал Астанаға 699,4 миллион бөлінді. 

Ал бюджеттен ең аз қаржы бөлінген Маңғыстау облысы - 406,9 миллион теңге.

Сонымен қатар, полицейлердің санат үшін алатын қаржысын көбейтуге қосымша 2,169 миллиард теңге бөлінді. 

2017 жыл маусымда Елбасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің айлығын 1 шілдеден бастап 25 пайызға көтеруді тапсырған. 

Қазанда қаржы министрі Бақыт Сұлтанов әскерилер, ішкі істер органдарының қызметкерлері мен депутаттардың еңбекақысын көтеруге 2017 жылы 33,1 миллиард теңге бөлінгенін мәлімдеген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети