Полиция Қызыл кітапқа енген құсты 1,5 миллион теңгеге сатпақшы болған астаналықты ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция Қызыл кітапқа енген құсты 1,5 миллион теңгеге сатпақшы болған астаналықты ұстады © pexels.com

Полицейлер сұңқарды 1,5 миллион теңгеге сатпақшы болған астаналықты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер сұңқарды 1,5 миллион теңгеге сатпақшы болған астаналықты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"28 тамызда шамамен сағат 11.15-те Астана қаласы "Алматы" аудандық ІІБ криминалдық полиция қызметкерлері сұңқар құсты сатпақшы болған 35 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады", - делінген хабарламада.

Полицияға өңірлік "Охотзоопром" ӨБ" республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілдері хабар берген. Олардың айтуынша, Желіде Қызыл кітапқа енгізілген құстардың бірінің сатылып жатқаны жайлы хабарлама пайда болған. Құстың бағасы 1,5 миллион деп көрсетілген.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігі бойынша ("Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу") сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. 

Астана қалалық ІІД өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта құстар "Охотзоопром" ӨБ" республикалық мемлекеттік мекемесіне жіберілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети