25 ақпан 2021 | 11:23

Полиглот министрлер рейтингі: жетеуі ағылшын тілін білмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Тұрар Қазанғапов Фото ©Тұрар Қазанғапов

Сарапшылар Қазақстан министрлерінің тіл білу деңгейі бойынша рейтинг жасады. 18 бөлім басшысының жетеуі ғана ағылшын тілінде сөйлейді. Полиглоттар да анықталды - сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, - деп хабарлайды Ranking.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Сарапшылар Қазақстан министрлерінің тіл білу деңгейі бойынша рейтинг жасады. 18 бөлім басшысының жетеуі ғана ағылшын тілінде сөйлейді. Полиглоттар да анықталды - сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, - деп хабарлайды Ranking.kz.

Қазақ, орыс, ағылшын, корей және жапон тілдерін білетін Мұхтар Тілеуберді, сондай-ақ қазақ, орыс, ағылшын, қытай және португал тілдерін меңгерген Нұрлан Ермекбаев рейтингте көш бастап тұр.

Төрт тілді білетін ведомство басшылары арасында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев және экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бар.

Елдегі 18 министрдің жетеуі ағылшын тілін білмейді. Олардың арасында Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева және қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бар.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин тек орыс тілін меңгерген.

Министрлердің ағылшын тілін білмеуінің себебебі - отандық оқу орынында білім алуы. Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін оқыту өте төмен деңгейде.

2020-2021 оқу жылында мемлекеттік тілде оқитын жоғары оқу орындары студенттерінің үлесі 64,9 пайыз, орыс тілінде 29,6 пайыз, ағылшын тілінде 5,5 пайыз.

Сонымен қатар, республикадағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында да ағылшын тілін оқыту ақсап тұр. Мысалы, онда мемлекеттік тілде оқитындардың үлесі 58,3 пайыз, орыс тілінде - 41,4 пайыз, ағылшын тілінде небәрі 0,3 пайыз.

Елдегі ағылшын тілін меңгеру деңгейінің төмендігі халықаралық рейтингіде де расталды. Осылайша, ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша әлем елдерінің рейтингінде Қазақстан 100 ел ішінде 92-ші орынға ие болып, аутсайдер мемлекеттер ондығына кірді. Елдегі ағылшын тілін меңгеру деңгейі "өте төмен" деп белгіленген.

Мысалы, Өзбекстан (88-орын), Сирия (87-орын), Әзірбайжан (86-орын), Ауғанстан (79-орын), Моңғолия (78-орын) және т. б. елдер Қазақстанды басып озады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети