Астанада жол ережесін бұзған полицейді әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ақпаратты ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев растады.
Астанада жол ережесін бұзған полицейді әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ақпаратты ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев растады.
Полиция қызметкері түсіп қалған видеожазба әлеуметтік желіде жарияланған.
"Әлеуметтік желіде жол ережесін және мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексінің талаптарын бұзған полицейдің қатысуымен видео жарияланды. Бұл бұзақылық жолаушынының ұялы телефонына түсірілген. Полиция қызметкері аузына келгенін айтып, жолаушыдан оның ұялы телефонын алмақшы болған", - деді Алмас Сәдубав.
Сондай-ақ ІІМ ресми өкілі жол ережесін бұзан полицей әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты. "Ішкі істер органында одан әрі полицейдің жағдайы не болатыны талқыланып жатыр", - деді ол.
Ведомстводағылардың хабарлауынша, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшылығымен министрлік қазақстандық полицияны модернизациялау жол картасын әзірлеуге кіріскен.
Ішкі істер министрлігінің штаттық мөлшерін оңтайландыру, басқару бөлімшелерін қысқарту, полицейлерді жат қылықтан ада қылу, полицияны халықтың сенімділігі мен халықтың қауіпсіздігін сақтай алатын елеулі деңгейге дейін өзгерту жоспарланып жатыр.