18 шілде 2018 | 15:36

Полицейдің қызметтік көлігіне отыру заңды ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері жүргізуші ереже бұзған кезде хаттама толтыру үшін патрульдік көлікке отыруға міндетті ме, жоқ па түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері жүргізуші ереже бұзған кезде хаттама толтыру үшін патрульдік көлікке отыруға міндетті ме, жоқ па түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ редакция жолдаған сауалға берген жауабында қазіргі заңнамаға сәйкес, азаматтар түрлі ереже бұзушылықтар үшін ұсталған жағдайларда полиция қызметкерлерінің әкімшілік хаттама толтыру үшін жүргізушіні патрульдік автокөлікке шақыруға құқығы бар екенін айтады.

Алайда әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жүргізушінің ол ұсыныстан бас тартуға құқығы бар.

Бірақ жүргізуші қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталған жағдайда ол полиция бөліміне жеткізілуі үшін патрульдік көлікке отыруы тиіс екені айтылады.

Заңгер Максим Мостович өз кезегінде полицияның өкілеттігі бар болса да, оның әрекеттері негізі бар және заңды болуы керек екенін айтады.

"Хаттаманы толтыру үшін көлікке отыру туралы талап олардың өздерінің көліктен шығуға ерінуінен де болады. Олар бұл процедураны сіздерсіз-ақ көлікте дайындай алады. Жүргізуші куәлігінде сізге қатысты және көлігіңізге қатысты барлық мәлімет бар", - деп түсіндірді заңгер.

Сонымен қатар, ол кейбір әрекеттерден бас тартуға болатынын айтып өтті.

"Полицейлер түтікшеге үрлетіп немесе алкогольдік және наркологиялық мастығы бар ма, жоқ па соны анықтау мақсатында стақан беріп, мәжбүрлей алмайды. Олар мұны тек арнайы жабдықталған медициналық мекемеде куәландырудан өткен кезде талап ете алады", - деді Максим Мостович.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети