Полицейге пара беруге тырысқан қазақстандық өкініп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейге пара беруге тырысқан қазақстандық өкініп қалды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ақтөбе соты полиция қызметкеріне пара беруге тырысқан ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе соты полиция қызметкеріне пара беруге тырысқан ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көлік жүргізу құқығы жоқ және алкогольдік масаң күйде болған ер адамды полиция қызметкерлері тоқтатқан. Жазаға тартылмас үшін ол патрульдік көлік ішінде инспекторға 10 000 теңге көлемінде пара ұсынған. Полицей парадан бас тартып, ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғаған.

Іс жеңілдетілген тәртіпте қаралды, өйткені айыпталушы өз кінәсін мойындап, прокурормен процессуалдық келісім жасады. Сотталушы тағылған айыптар мен дәлелдемелермен толық келісетінін мәлімдеді.

Соттың шешімі бойынша, ер адам кінәлі деп танылып, оған параның 15 есе мөлшерінде 112 500 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды. Жазаны жеңілдететін жағдай ретінде сотталушының шын жүректен өкінуі және кәмелетке толмаған балаларының болуы ескерілді. Жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети