Алматы облысының полицейлері 22 жастағы алматылық Жандос Жанғозинге 11 автокөлікті заңсыз рәсімдеген алаяқтарды таба алмады. Осының кесірінен жігіт үш жылға жуық шетелге шыға алмайды, банк картасы бұғатталғандықтан ресми жалақысын ала алмай жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысының полицейлері 22 жастағы алматылық Жандос Жанғозинге 11 автокөлікті заңсыз рәсімдеген алаяқтарды таба алмады. Осының кесірінен жігіт үш жылға жуық шетелге шыға алмайды, банк картасы бұғатталғандықтан ресми жалақысын ала алмай жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл факті бойынша қылмыстық іс өткен жылдың 21 қарашасында тіркелген. Істі Талғар аудандық полициясы тергеп жатыр.
"Іс Қылмыстық кодекстің 385-бабының 1-бөлігі "Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу" бойынша тіркелді. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілді.
Аталған қылмыстық істі ашу бойынша жеке тапсырма жолданды. Алайда, осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған адамды анықтау мүмкін болмады. Алайда, қылмысты ашу бойынша жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр", - деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаменті.
Ведомство журналистер қылмыстық процеске қатысушылар, яғни жәбірленуші немесе күдікті болып табылмағандықтан, сотқа дейінгі тергеудің басқа деректерін аша алмайтынын айтты.
"Егер бұл тергеу мүдделеріне қайшы келмесе және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болмаса, деректер прокурордың рұқсатымен ғана мүмкін деп танылатын шамада жария етіледі", - деді полиция.
Бұған дейін Алматы қаласының 22 жастағы тұрғыны Жандос Жанғозин атына 11 көлік тіркелгенін айтып шағымданғаны хабарланған еді. Көліктер оның атынан шығарылды, бірақ тұрғынның жарты миллион теңге салық қарызы бар. Сондықтан оның банктік есепшоттары бұғатталып, елден шығуына тыйым салынған және басқа да шектеулер бар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!